Қарағанды облысында патриоттық бағыттағы «Жас саяхатшылар: Батыр ізімен» атты туристік іс-шара өтті.
Іс-шараға мектеп оқушылары, жас спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты. Қатысушылар Қарағандыға жақын орналасқан Соран тауына жорық жасап, Бауыржан Момышұлы шыңына көтерілді.
Шың басында қатысушыларға батырдың ерлігі мен өмір жолы жайлы тағылымды әңгіме айтылды.
Бағдарламада:
– Тауға жорық және шыңға көтерілу;
– Батыр туралы тарихи деректер;
– Ашық ауада спорттық жаттығу;
– Таулы туризм элементтерімен тәжірибелік сабақтар.
Іс-шара барысында нұсқаушы ретінде Қарағанды қаласындағы «Skif» таулы спорт түрлері клубының және облыстық туристік клубтың тәжірибелі мүшелері жұмыс атқарды.
Іс-шараның мақсаты:
Жастар арасында патриоттық рухты қалыптастыру, таулы туризмді насихаттау және салауатты өмір салтын дәріптеу.
Іс-шара соңында барлық қатысушылар таза ауада дәмді ас ішіп, күнді жағымды әсермен аяқтады.