25–26 қыркүйек күндері Қарағанды облысында InfoDrive атты екі күндік джип-тур өтті. Бұл сапардың мақсаты – өңірдің әсем табиғатын кеңінен таныстыру, жаңа туристік бағыттарды ашу және туризм саласында серіктестік орнату болды.
Таңғы ерте уақытта қатысушылар Visit Qаragandy кеңсесінде бас қосты. Мұнда гидтер қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, тауда жүрудің қыр-сыры жөнінде нұсқаулық берді.
Жолға шыққан сапарымыздың алғашқы аялдамасы – Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайы. Мұнда ауданның тарихы мен мәдениеті жайлы тың деректерді тыңдап, ерекше әсер алдық. “Кімасар” ауылы маңындағы биік шыңға шықтық. Қатысушылар шамамен 1100 метр биіктікке көтеріліп, тау бөктеріндегі табиғаттың сұлу көрінісін тамашалады. Жолай соққан орманшының көне үйі де әсерлі болды – ол бірде-бір шеге қолданылмай салынған.
Кешкісін қатысушылар қонақ үйлерге жайғасты –«Орман» және «Алтын» қонақ үйлері. Табиғат аясындағы тыныш түн мен таңғы самал ерекше әсер қалдырды.
Екінші күні сапарымыз әйгілі Шайтанкөл көліне жалғасты. Бұл жердің көрінісі, мөлдір суы мен тау шыңдарының үйлесімі әркімді таңғалдырмай қоймады.
Сапар барысында кәсіби гид ашық аспан астында палатка тігу бойынша мастер-класс өткізді. Қатысушылар шатырды дұрыс құруды, түйін байлауды, қазық қаққанды үйреніп, жатын қап пен термо-жамылғыны қолданудың қыр-сырымен танысты.
Маршруттағы ерекше нысандардың бірі – Құнанбай қажы мешіті. Бұл тарихи орын ХІХ ғасырдан бері сақталған, аймақтың рухани және мәдени өмірінде орны бөлек.
Қайтар жолда сапарымыз Жосалы шипажайынды жалғасты. Мұнда қатысушылар минералды су ішіп, емдік ванна қабылдады. Жосалы суы құрамындағы табиғи минералдарымен пайдалы қасиетімен белгілі.
Турдың қорытындысы:
• жергілікті кәсіпкерлер және демалыс орындарымен B2B кездесулер өтті;
• туроператорлар жаңа бағыттар әзірлеуге ниет білдірді;
• блогерлер мен журналистер сапар жайлы белсенді жариялады: 30-ға жуық reels, 200-ден астам stories, жалпы қамтуы 1 миллионнан асты;
• шетелдік туроператорлар да қатысып, Қазақстанға туристер әкелу бағытында келісімдер жасалды.
InfoDrive – Қарағанды облысының туризмін жаңа қырынан танытқан ерекше сапар болды.
Қарағанды облысында жаңа тур-маршрут ашылды
Фотогалерея
1/13
—