Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрман жұмыс сапарымен Қарағанды қаласына келді. Алдымен ол Visit Karaganda туристік ақпараттық орталығында болып, өңірдегі спорттық туризмді дамыту перспективаларын талқылады.
Басты бағыттардың бірі ретінде Қарағандыда футзалдан «Қарағанды» командасын құру ұсынылды. Бұл команда Қазақстан Республикасы чемпионатына қатысып, «Қайрат», «Семей» сынды танымал клубтармен бақ сынайды.
Спорт — туризмнің қозғаушы күші деген идея сапардың негізі болды. Аймақта ірі спорттық шараларды, матчтар мен турнирлерді өткізу, сондай-ақ жергілікті команданың ұлттық чемпионаттарға қатысуы өңірдің имиджін көтеріп қана қоймай, жанкүйерлер мен отбасылық туристерді, басқа өңірлерден келген қонақтарды тартуға ықпал етеді.
Қарағанды спорттық туризмнің тартымды нүктесіне айнала алады. Футзалдың дамуы өңірдің белсенді спорттық туризм орталығы ретіндегі беделін арттырып, жаңа туристік өнімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.