24.10.2024 жылы Қарағанды облысының туризм жөніндегі кеңесінің отырысы өтті.
Кездесуде Қарағанды облысының киелі орындары мен 2024-2025 жылдарға арналған киелі күнтізбесі, өңірдің туристік сайты таныстырылды. Қарағанды облысының туризмді дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған Кешенді жоспары мәселесін талқыға салынды.
Бизнес қоғамдастықпен бірлесіп проблемалық мәселелер қаралып, туризмді одан әрі дамыту, туристік сайтты толтыру, киелі орындар мен басқа да туристік объектілерді танымал ету бойынша ұсыныстар енгізілді.