2024 жылдың 5 сәуірі күні Туризм кеңесінің отырысында Қарағанды облысындағы туризм саласын дамыту мәселесі қаралды.
Туризмді дамытудың негізгі нүктелері Балқаш курорттық аймағы мен Қарқаралы өңірі болып табылады.
2024 жылы Балқаш курорттық аймағы ТОП-20 бағыттардың қатарына енді.
Қарқаралы ТОП 50 қатарында.
2023 жылы 360 мың адамға қызмет көрсетілді, бұл 2022 жылдағы осы кезең деңгейінен 18%-ға жоғары.
Орналастыру және демалыс қызметтерін 245 нысан қамтамасыз етеді.
Туристік саладағы бизнеске мемлекеттік қолдау бар.
Атап айтқанда:
✔️туризм объектілерін салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігі өтеледі;
✔️санитарлық-гигиеналық нысандар субсидияланады;
✔️7% жеңілдікті несиелеумен «Кәсіпкер» өңірлік бағдарламасын қолдау бойынша қаржылық шаралар жүзеге асырылуда;
✔️несие сомасының 50% дейін несиелерге ішінара кепілдік беру
Туризм кеңесінің отырысында Қарағанды облысындағы туризм саласын дамыту мәселесі қаралды
Фотогалерея
1/5
—