Тарих пен мәдениетке бай Қарағанды қаласы әлемнің түкпір-түкпіріндегі туристердің назарын аударады.
Қарағанды тау-кен индустриалды колледжі жанындағы Қарағанды көмір бассейнінің даму тарихы мұражай-шахтасынан бастайық. Қарағанды көмір бассейнін игеру тарихы қатысушылардың алдында айқын көрінгені соншалық, олар өздерін сол кездегі осы бай аймақтың алғашқы зерттеушілерінің арасында елестете алды.
Қарағанды Қарлаг мұражайы – Қазақстандағы саяси қуғын-сүргінмен байланысты қайғылы оқиғаларды еске алу орны, өткенге терезе десе де болады. Мұражай Қарағанды қаласының маңындағы Долинка кентінде орналасқан және еліміздің маңызды тарихи кешені болып табылады.
Сондай-ақ, Қарағандыда дүниеге келген атақты боксшы Геннадий Головкин атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені. 2017 жылы ашылған спорт кешені өзінің зор мүмкіндіктерімен таң қалдырды. Онда ауыр атлетика, жүзу, баскетбол, волейбол және мини-футбол, сондай-ақ бокс сияқты әртүрлі спорт түрлерімен айналысу үшін қажет нәрсенің бәрі бар.
Сондай-ақ, "Қайда-қайда? Қарағандыда" фразасына арналған ескерткіш. Бұл қызықты мәдени мұра туристердің назарын ерекше аударады, көптеген фотосуреттер мен көңілді естеліктердің объектісіне айналуда.
Сол сияқты, экологиялық мәдениетті сақтау мен дамыту және халықтың экологиялық ақпаратқа қол жеткізуі бойынша белсенді жұмыс істейтін Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы. Мұражай экспозициялары Семей полигонындағы ядролық сынақтар мен Сары-Шаған зымыранға қарсы полигоны сияқты Орталық Қазақстанның маңызды экологиялық проблемалары, сондай-ақ Байқоңыр ғарыш айлағы мен жергілікті ауыр өнеркәсіп тарихы туралы баяндайды.
Орталық саябақ. Бұл үлкен саябақ өзінің алаңымен, күтімімен таң қалдырды. Өткен ғасырдың ортасында Қарағандыда салынған нағыз балалар теміржолы бүгінгі күнге дейін қонақтар мен жергілікті тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлауда.