«SARYARQA» теларнасының алаңында Қарағанды облысындағы туризмді дамыту мәселелері талқыланды. Бағдарламаға Кәсіпкерлік басқармасының басшысы И. Любарская, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, Туризм кеңесінің мүшелері, «Nomadic Travel Kazakhstan» ЖШС, «VISIT KARAGANDA» туристік ақпараттық орталығы және «Созвездие» спорттық-туристік клубының өкілдері қатысты.
Қатысушылар туристік саланы дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру және бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламалары мәселелерін қарастырып, ішкі туризмнің өзекті проблемаларын талқылады. Әңгіме ашық әрі еркін атмосферада өтіп, әр қатысушы өз көзқарасын білдіруге және бастамаларын ұсынуға мүмкіндік алды.