Университеттің өз тарихи мұражайы бар. Ол 2002 жылдан бері жұмыс жасайды. Мұнда Сіз Қазақстанның алғашқы мемлекеттік университеттерінің бірінің қалыптасу және даму тарихы туралы білесіз. Мұражайға келушілерге қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде тегін экскурсия ұсынылады.
Мұражайдың экспозициялық ауданы 505 шаршы метрді құрайды және 4 аймақты қамтиды:
Бірінші аймақ - "Университеттің қалыптасуы". Мұнда ректорлар галереясы, университеттің ашылуына байланысты құжаттар, оның ресми атрибуттары ұсынылған. Экспозиция университеттің 1938 жылы мұғалімдер институты болып құрылған күнінен бастап қалыптасуы, 1952 жылы педагогикалық институтқа, содан кейін 1972 жылы мемлекеттік университетке ауысуы туралы түсінік береді.