Жерден тыс жаратылған табиғаттың қызықты ескерткіші. Кратер 12 миллион жыл бұрын өз маңайында бірнеше мыңдаған шақырым жердегі барлық тіршілікті құртқан үлкен метеориттің құлауынан пайда болған. Шұнақ диаметрі 3100 метрді құрайды (бұл АҚШ-тағы (Америка құрама штаттарындағы) белгілі Аризон кратерінің диаметрінен екі жарым есе артық), цоколь айналма үймегі мен саз балшық қалдықтарымен жайпақ түбі жақсы көрінеді.
Кратер едәуір терең – 400 метрге жуық. Метеорит кратері бейнесінің қитұрқысына (жасырынды сырына) бөленуіне мән бермесек (бұл бір энергетикалық орталық, мистикалық орын, және тағы басқа дегенге көбі сенеді), бұл жай ғана аралайтын ерекше және қызықты жер деп мойындауға тура келеді.
Шет ауданының оңтүстік бөлігінде, Киікті ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 35 км жерде орналасқан.