Посмотреть 3D тур
Шайтанкөл көлі Қарағанды облысы Қарқаралы қаласынан 5 шақырым жерде орналасқан. Ол тозығы жеткен гранит жыныстарымен қоршалған. Көл көптеген аңыздар мен жұмбақтарға толы. Жергілікті тұрғындар су қоймасынан бірнеше жүз метр радиуста жануарлар да, құстар да жоқ дейді. Ұзақ уақыт бойы адамдар көлде шомылмайды және мал суаруға апармайды. Жергілікті тұрғындар мұнда үнемі шайтандар пен су перілерін көретіндерін айтады.
Бірінші аңыз
Жоңғарлармен соғыс кезінде күштері тең болмайды да, жоңғарлар жеңіске жететіндей жағдай туындайды. Сол кезде қазақ жігіттері өз құдайларынан көмек сұрайды, тәңірлері оларды қазақтардың елді мекендерін нық қорғайтын тас мүсіндерге айналдырып тастайды. Ал көлді сумен толтырған осы жігіттердің аналарының көз жастары.
Екінші аңыз
Қаратай байдың қызы Алтыншаш пен кедейдің ұлы Алтай бір-біріне ғашық болады. Бай олардың қосылуына қарсы болып, қызын басқа жігітке – қазақ хандарының ұрпағы Арыстанға ұзатпақ болады. Бай жасырын түрде күйеу жігіттен үлкен қалың мал сұрап, үйлену күнін белгілейді.
Ал осы уақытта Алтыншаш пен Алтай көлдің жанындағы жартастардың бірінде күннің батуын тамашалайды. Кенеттен олардың көз алдарында су қақ айырылып, су перісі пайда болды.
– Қорықпаңдар, мен сендерге жамандық жасамаймын. Мен бұл көлдің иесімін, сендерді біраздан бері бақылап жүрмін. Сендер өте әдемі жұпсыңдар, бірақ сендерге қауіп төніп тұр», – деп жастарға Каратайдың арам ойы туралы айтады.
Кетерде көл иесі:
- Қиындық туындаған жағдайда көлге келіп, суға батыл секіріңдер. Сендер суға батпайсыңдар, менің әлеміме енесіңдер. Мен қуана қарсы аламын, сендер бақытты боласыңдар!- дейді.
Келесі түні ғашықтар қашып кетеді. Бай мұны біліп, өзінің жігіттеріне қашқындарды қайтаруды бұйырады. Бірақ Алтыншаш пен Алтай алыстан шабандоздарды көріп, қол ұстасып суға секіреді.
Үш күн бойы олардың денелерінің қалқып шығуын Қаратай жағалауда күтеді. Төртінші күні ол қызының:
- Уайымдама, әке, мен Алтаймен бақыттымын! - деген дауысын естиді.
Үшінші аңыз
Ол қазіргі заманмен байланысты.
1905 жылы архиерей Михаил атты орыс Шайтанкөлдің батыс жағалауына крест секілді қып тақтайша қағып, «Енді бұл көл Әулиекөл» деп аталсын деген екен. Арада көп ұзамай жоғалып кетеді. Көл солайша бәрібір Шайтанкөл атауында қала береді.
Ал сол бір крест әлі күнге көлдің түбінде жатыр.