"Саялы" санаторий-профилакторийі шулы қаладан алыс емес, Қарағандыдан небәрі 27 шақырым жерде, "Нұра" өзенінің жағасында орналасқан. Бұл денсаулықты жақсартып, қалпына келтіру, сонымен қатар жақсы демалу үшін тамаша орын. Табиғаты, абаттандырылған аумағы, жайлы жағдайлары мен мұқият қызметкерлері сізді қуантады.
"Саялы" шипажайының аумағы "Нұра" өзенінен 100 метр қашықтықта, автотрассадан және елді мекендерден шалғай орналасқан абаттандырылған және қорғалатын аймақ болып табылады. Жасыл оазистің арасында санаторийдің 3 ғимараты, сауна мен бассейн, спорт және ойын алаңдары, жазғы үйлер орналасқан. Мұның бәрі демалуға мен сауықтыруға қолайлы жағдай жасайды.
«Саялы» санаторий-профилакторийі Сізге тазарту процедуралары, фитотерапия, бальнеотерапия, массаждың әртүрлі түрлері, термотерапия, акупунктура, ароматерапия, орауыштар, аппараттық физиотерапия, емдік дене шынықтыру, балшықпен емдеу, арнайы тамақтану, озон терапиясы және т.б. курстарын ұсынады.